
Шарбақты ауданы әкімдігінің «2022 жылға арналған Шарбақты ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулы жобасы (бұдан әрі- қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Кодексінің 529 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабына сәйкес, әзірленді.
Қаулының жобасының қабылдаудың нақты мақсаты 2022 жылға арналған Шарбақты ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту.
Қаулы жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6757766 «Құқықтық көмек» бөлімінде 2021 жылғы 5 ақпаннан 19 ақпанға дейін орналастырылған.