
Қазіргі уақытта заманауи адамның тамақтануында көптеген микроэлементтердің айқын жетіспеушілігі орын алуда,бұл түрлі ауруларға әкеледі. Мұның себебі: біркелкі қоректену, сақтау, өнеркәсіптік өңдеу кезінде микроэлементтердің жоғалуы.
Дәрумендердің болмауы ұлт денсаулығына теріс әсер етеді: орташа өмір сүру ұзақтығы қысқарады,еңбекке қабілетті халықтың өнімділігі мен ауруларға төзімділігі төмендейді.
Микронутриенттік тапшылық проблемасын шешудің ең оңтайлы жолдарының бірі: тамақ өнімдерін байыту.
Қазіргі уақытта тамақ өнімдері алмастырылмайтын микронутриенттермен (дәрумендер, минералдар, аминқышқылдары, май қышқылдары, олар адам организмінің тиісті өсуі мен зат алмасуы үшін белгілі микро мөлшерінде алмастырылмайтын) байытылады. Тағамға тағамдық заттарды кешенді қосу процесі «фортификация» деп аталады, ал өнімдер - фортификацияланған. Мұндай өнім қазақстандық нарықта үлкен ассортиментте пайда болады және ең алдымен жаппай тұтыну өнімдерімен (ұн, сүт және қышқыл сүт өнімдері) ұсынылған. Оларға қосылған дәрумендердің құрамы ағзаның осы заттардағы тәуліктік қажеттілігінің 30-50% жабатындай етіп бұл заттарға ағзаның тәуліктік қажеттілігі есептелген.
Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті байытылуға жатады.
Неге фортификация үшін бидай ұны таңдалды?
Біріншіден, ұнды барлық адамдар пайдаланады.
Екіншіден, мемлекеттің ұн бағасын бақылау ықтималдығы жоғары,бұл оны барлық азаматтар үшін қолжетімді етеді.
Үшіншіден, ұнның негізгі бөлігі ірі диірмендерде өндіріледі және оны елдің барлық өңірлеріне орталықтандырып жеткізуге болады.
Төртіншіден, микронутриенттерді тұтынудың нақты мөлшерін анықтау қиын емес (орта есеппен алғанда ересек адамдар күніне 250-270 г ұнды тұтынады).
Бесіншіден, 70-95% микронутриенттердің астығын тарту кезінде кебекпен жоғалады. Байытылған қазақстандық ұнның этикеткасында немесе қаптамада «САПАЛЫ АЗЫҚ» логотипі бар. Премикстегі Темірден басқа фолий қышқылы, мырыш және В витаминдері бар. Темір және фолий қышқылы бізді және жақындарымызды анемиядан, ана өлімінен, туа біткен ұрықтардан, инфарктіден және инсульттерден қорғауға көмектеседі.
«Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ