Логотип

Меню

Страницы

Статья

Ойыншықтардың қауіпсіздіктері туралы

Баршамыз балаға сыйланған ойыншықтың пайдалы болғанын, қуаныш сыйлағанын ғана қалаймыз. Бірақ ойыншықтың сыртқы ашық, әдемі түріне қарап, оның балаға пайда әкеле ме, зиян келтіре ме, яғни қауіпсіз екенін анықтау қиынға соғады.

Қазақстан Республикасы аумағында айналымға шығарылған ойыншықтар Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 КО ТР техникалық регламент талаптарына сәйкес келіп, сәйкестік сертификатымен ілесуі тиіс.

Ойыншықты таңдағанда мыналарға назар салыңыз:

-ойыншықтың сырқты келбеті – ол жабысқақ болмағаны жөн, бармақта бояуын қалтырып, баланы жарақаттайтын үшкір жиектері мен бұрыштары болмауы тиіс

-жағымсыз иісі шығып, дыбыс шығаратын ойыншықтардың дыбысы ащы болмауы тиіс;

-ойыншықтың атауы, дайындаушының атауы және (немесе) тауар белгісі, қолдану шарттары, дайындаған күні, өндірген елі, жас шектеулері енген таңбасының болуы. 008/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келетін ойыншықтарды нарыққа айналымға шығарар алдында Кеден одағының мүше мемлекеттері аумағында бірыңғай айналым белгісі таңбасы болуы тиіс. Ойыншықтарды сататын немесе тегін тарататын тұлғалар тұтынушыға қазақ және орыс тілдеріндегі пайдалану нұсқаулығын, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Ойыншықтың қауіпті екені туралы мәлімет анықталған жағдайда кәсіпкерлер олардың сатылуын немесе тегін таратылуын тоқтатуға міндетті.

         «Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ

 

Дата публикации
29 января 2021
Дата обновления
29 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы