Логотип

Меню

Страницы

Статья

Шарбақты ауданындағы коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиялық жағдайы туралы

Шарбақты ауданында 2020 жылғы маусым айынан бастап 2021 жылғы 26 қаңтарға дейінгі COVID-19 сырқаттанушылығының 191 жағдайы тіркелген. Ауырғандардың жалпы санынан алғанда 184 жағдай жергілікті, 7 жағдай әкелінген. Сауығып шыққандар саны 158,  емді алып жатқандар -25 адам. Симптомдарымен 73 науқас, симптомсыз-118 науқас тіркелген.

Қазіргі таңда үй карантинінде 90 адам емделіп жатыр, соның ішінде 27-і ауырып қалғандар, және 63-і жақын қатынастардан тіркелген.

2021 жылғы 01 қаңтардан бастап 26 қаңтарға дейіңгі кезеңінде ауданда коронавирустық инфекциясының 35 жағдайы тіркелген.

Шарбақты ауылында -13 жағдай, Александровка а. -1 жағдай, Хмельницкое а. -2 жағдай, Малиновка а. -6 жағдай, Есілбай-2 жағдай, Жылы-Бұлақ -1 жағдай, Красиловка а. -1 жағдай,  Жаңа-ауыл-1 жағдай, Орловка а.-1 жағдай, Алексеевка а. -2 жағдай, Сүгір-2 жағдай, Назаровка а.-1 жағдай, Көл-Бұлақ а.-1 жағдай, Чигириновка а.-1 жағдай.

COVID-19 эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Павлодар облысы  қызыл аймақта тұр. 2021 жылғы 26 қаңтары жағдайы бойынша  Павлодар облысында  коронавирустық инфекциясымен 12 109 жағдайы, оның ішінде  симптомдарымен 8 122 науқас, симптомсыз-3 987 науқас тіркелген.

 Шарбақты ауданы бойынша сырқаттанушылықтың апталық өсуі 2,13%-ды құрады. Сондай-ақ Шарбақты ауданы қызыл аймаққа жатады.

Павлодар облысы және аудандардың эпидемиологиялық жағдайдын курт өзгеруіне байланысты Сіздерден барлық карантиндік режим шараларын сақтауыңызды сұраймын.

- жаппай адамдардың жиналатын жерде және жұмыс орнында бетпердені кию;

- әлеуметтік қашықтықты сақтау;

- қол гигиенасын жақсы ұстаңыз; ( қолды сабынмен жиі жуып және қолға арналған тері антисептиктерін қолданыңыз)

- қоғамдық орындарға барудан аулақ болыңыз;

- суық тиюі мүмкін адамдармен тығыз байланыста және бір бөлмеде  болудан аулақ болыңыз;

-құшақтасу мен қол алысуды шектеңіз;

- ұжымдық іс-шараларға; ( банкеттер, мерей тойларға, үйлену шараларына және т.б.) бармаңыз;

Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қойбағарова Г.Б.

Дата публикации
26 января 2021
Дата обновления
26 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы