
Төмен температуралар кезінде тұрғын үйлерде жылыту пештерді шамадан тыс қыздыру, жасанды электржылытқыштарды іске қосу жиі орын алуда, нәтижесінде өрт шығуға себеп болады. 2019 жылдың 12 айында аудан аумағында материалдық шығын мөлшері 17 миллион теңгеден астам 92 өрт тіркелген, олардың 44 тұрғын секторда, нәтижесінде өрттер кезінде 1 адам қаза болып, 1 адам улы газбен уланып жеңіл жарақат алған.
Сонымен қатар бүгін 29.01.2020 жылы Шарбақты ауданында, 6 адамнан құралған отбасы улы газбен уланып жеңіл жарақаттар алған, сонын ішінде 3-уі кәмелет жасқа толмаған балалар. Уланудын себебі пеш қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақталмауы болып шықты.
Төтенше жағдайлар бөлімі қатал түрде ескертеді қысқы уақытта төмен температуралар әсерінен келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында келесі қарапайым қауіпсіздік шараларды орындау қажет:
- жылыту пешін және де пештің мұршаларың конденсатпен кулден тазалауыңыз тиіс.
- жылыту пештерді шамадан тыс қыздырмау (пештерді жағу ұзақтығы 3 сағаттан аспауы тиіс);
- жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмау;
-жылыту пештердің, мұршаларының жағдайларын уақытында зертеулерініз тиіс;
- пештің манында киімдер мен басқа жаңғыш заттарды кептіріге болмайды;
- пеш жағу үшін бензин, керосин және басқа оңай жанатын сұйықтарды пайдалануға болмайды;
- қолдан жасалған электржылытқыштарды, оқшаулары бұзылған электрсымдарды пайдаланбау, электржүйелерді шамадан тыс жүктемеу.
Шарбақты ауданының ТЖБ