Логотип

Меню

Страницы

Статья

Малиновка ауылының тұрғыны ауылдастарынан ұрлық жасады

Шарбақты аудандық соты 1985 жылы туған Малиновка ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

2020 жылдың 21 қарашасында сағат 15 шамасында ішімдік ішу мақсатымен сотталушы көршілеріне келді. Алайда үйде көршілер болған жоқ. Ол кезде бұрағыштың көмегімен есіктің ішкі құлпын ашып, үйге кіріп, алюминий құтысын, "Бум бокс" музыкалық бағанасын және жалпы сомасы 204000 теңгеге "Fujifilm" маркалы сандық фотоаппаратын ұрлап кеткен.

Сотта сотталушы кінәсін толық мойындап, мас күйінде болғандықтан ұрлық жасағанын түсіндірді.

Сотта жауап алынған жәбірленуші келтірілген залал оған толық өтелгенін айтты.

Сот сотталушыны ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, сот сотталушыдан сараптама жүргізгені үшін 2483 теңге және жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем жасағаны үшін 55 560 теңге өндіріп алды.

 


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дата публикации
25 декабря 2020
Дата обновления
25 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы