Логотип

Меню

Страницы

Статья

Жаңа форматтағы сайлау-уақыт талабы

2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Осы іс-шараға байланысты Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы біздің ауданда «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды.

Семинарға аудандық УСК (учаскелік сайлау комиссияларының) төрағалары қатысты. 2 күнге жоспарланған семинар ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.

Семинардың бірінші күні Қазақстан Республикасында сайлауды өткізуге қатысушылардың құқықтық білім деңгейін анықтау мақсатында тестілеу ұйымдастырылды.

Модераторлар семинар бағдарламасына келесі тақырыптарды ұсынды:

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері»;

«Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік»;

«Сайлаушылармен жұмыс және сайлау күні ААСК мен УСК мүшелерінің тәртібі»;

«Республика Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарын сайлауға ұйымдастырушылық дайындық шаралары»;

«Дауыс беру тәртібі және дауыс беру нәтижелерін анықтау».

Сондай-ақ, семинар бағдарламасына сайлау комиссиясы мүшелерінің мінез-құлық этикасы, моральдық-психологиялық мінез-құлық мәселелері енгізілді.

Интерактивті дәріс, практикалық жаттығулар мен тапсырмалар, интерактивті презентация, бақылау сұрақтары мен тестілеу сияқты интерактивті жұмыс түрлері таңдалды. Тәжірибе бөлімінде талдау жұмысы ерекше маңызды болды, онда семинарға қатысушылар нақты ситуациялық сұрақтарды талдап, жағдаят туындаған кезде заңды түрде қалай шығу және шешу керектігі туралы сұрақтарға жауап тапты, сол арқылы практикалық білім мен тәжірибе жинады. Семинар және тәжірибе сабақтар соңында қатысушылар барлық қарастырылған тақырыптар бойынша онлайн-тестілеуден өтті.

Тренинг соңында семинарға қатысушылар тестілеу нәтижелері бойынша ұйымдастырылған сайлау мәселелері бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарына ие болды.

Семинарға қатысушылар алдағы сайлауды білікті және кәсіби деңгейде өткізуге көмектесетін білім алды.

Жана-аул ауылы, 462 УСК төрағасы С.А. Сергазина

Дата публикации
14 декабря 2020
Дата обновления
14 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы