
2020 жылы 4 желтоқсанда «Радуга» МТЖО залында Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Ж.Касенова Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлауға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шараға қатысушылар карантин кезеңінде 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін талқылады.
Дауыс беру процесінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына жағдай жасау мақсатында сайлау учаскелерін жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау мәселелері талқыланды, дауыс беру бөлмесінде қозғалыс маршруттарының белгілері анықталды, COVID-тен алдын алу бойынша ұсыныстар жазылған стендтері, қорғаныс бөлімдерін орнату, жоғары температурасы бар адамдарды оқшаулауға арналған жеке бөлменің болуы.
Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С.Е.Абулхаирова сайлау учаскелерінде жергілікті және шетелдік бақылаушылармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және басқа да адамдармен сайлау күні сайлау учаскесінде болуға құқығы бар адамдармен өзара қарым-қатынас жасау тәсілдері туралы түсіндірді, сайлау күні олардың құқықтары мен міндеттерін атап өтті.
Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.С.Омарова семинарға қатысушылармен сайлау учаскесін ашу мәселелерін талқылады, бюллетеньдер беру алгоритмін түсіндірді, карантиндік жағдайларда сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру кезінде учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің іс-қимылдарының кезектілігін анықтады. Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар сайлау учаскесінде дауыстарды санау тәртібін пысықтады. Қорытындылай келе, хаттамаларды толтыру бойынша кеңестер берілді. Іс-шарадан кейін қатысушылар семинар модераторларынан жеке кеңестер алуға мүмкіндік алды.