Логотип

Меню

Страницы

Статья

Сайлау учаскелердегі іс-сапары

Аудан   әкімінің   орынбасары    Р.А.Негманова,   аппарат  басшысы Г.Е.Жакишева және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.А.Масальская Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау қарсаңында олар Шарбақты ауданының сайлау учаскелерінде болды. Іс-сапар барысында дауыс беру процесінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үшін жағдай жасау, мақсатында сайлау учаскелерін жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау мәселелері қаралды.

         Сайлау учаскелерінің төрағаларымен дауыс беру бөлмесіндегі маршруттық белгілер, COVID-тен  алдын-алу бойынша ақпараттар жазылған стендтер, қорғаныш қалқандар орнату және жоғары температурасы бар адамдарды оқшаулауға арналған жеке бөлме болу туралы мәселелер талқыланды.

         Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үшін дауыс беру процесінде барлық сайлау учаскелерінде залалсыз термометрлер, дезинфекциялаушы сіңірілген аяқ киімдерге арналған кілемше, санитарлық тазартқыштар, маскалар мен қолғаптарды  жоюға арналған  контейнерлер және сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беретін сайлаушыларға арналған жеке  жабдықтарды тексерді.

         Сайлау күні сайлау учаскелері үнемі желдетіліп, дезинфекциялаушы заттармен өңделетіні ескерті, сайлау учаскелерінде сайлаушыларда болмаған жағдайда  бір рет қолданылатын қаламдар маскалар қамтамасыз етілді.

         Санитарлық-эпидемиологиялық стандарттардың сақталуы жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық сайлау комиссиясының тұрақты бақылауында болады.

Дата публикации
09 декабря 2020
Дата обновления
09 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы