
2019 жылы «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бір жыл ішінде 456 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сондай ақ бөлімге жыл басынан 63 өтініш түсті: оның ішінде 55 - жеке тұлғалар, 8-заңды тұлғалар. Барлық мемлекеттік қызметтер мен өтініштер уақытылы және сапалы қаралды.
2019 жылы конкурстан тыс көлемі 2 998 га 10 жер учаскесі берілді: оның ішінде жайылым 2 992,4 га, басқа алқаптар-5,9 га.
Жер қатынастары бөлімімен жер учаскелерін меншікке және жер пайдалануға беру жөніндегі жер комиссиясының отырыстары тұрақты негізде өткізіледі, ол ҚР ЖК 43-бабына сәйкес, онлайн режимде трансляцияланады. Жер комиссиясының 16 отырысы өткізіліп, онда 162 өтініш қаралды.
09.12.2020 жылы бөлім басшысының міндетін атқарушы Қ.С. Омаров Zoom арқылы жеке және заңды тұлғалармен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлім қызметі туралы есепті жария талқылау бойынша онлайн конференция өткізді.
2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуде шағымдар жоқ.
Бөліммен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оның ішінде электрондық қызметтерді дәріптеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.