Қаулы 2014 жылғы 05 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.
Осы қаулының мақсаты 2021 жылға арналған Шарбақты ауданы ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу болып табылады.
Қаулы жобасы қосымша қаржыландыруды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.