
Шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын органның атауын сәйкестікке келтіру мақсатында әзірленді және жасалды.
Осы шешім республикалық бюджеттен қаржы шығындарын көздемейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.