
Шарбақты аудандық сотымен Ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды заңсыз иемденгені, сақтағаны үшін 1990 жылы туған "Ертіс Орманы" МОТР ММ жұмысшысына қатысты әкімшілік іс қаралды.
2020 жылғы 01 Қазанда Шарбақты ауданының полиция қызметкерлері Шалдай ауылындағы "Тұрмыс" жедел-алдын алу іс-шаралары барысында құқық бұзушыдан полиция бөлімінде тіркелмеген мылтық тәркіленді.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.
Маманның қорытындысы бойынша, тәркіленген қару "Аta Arms" (Түркия) өндірген, зауыттық тәсілмен дайындалған 12 калибрлі "ата" үлгісіндегі бір ұңғылы, бес оқтаулы аңшылық мылтық болып табылады.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 38892 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Заттай дәлелдемелер сот мылтықты мемлекет кірісіне тәркіледі.
Қаулы заңды күшіне енгенге дейін құқық бұзушы тағайындалған айыппұлды өз еркімен төледі.
Қаулы заңды күшіне енді.
"Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»