
Шарбақты аудандық сотымен жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сату жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін Шарбақты ауылының жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.
2020 жылдың 02 қазанында сағат 19.30 шамасында Шарбақты ауылының дүкенінде сатушы 2004 жылы туған адамға 1 қорап "LD club compact" темекісін сатты.
Сот отырысында кәсіпкер кінәсін толық мойындады.
Құқық бұзушының кінәсі сот отырысында зерттелген істің ұсынылған материалдарымен расталады.
Сот жеке кәсіпкерді ӘҚБтК-нің 423-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, мемлекет кірісіне 48 615 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
"Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»