Логотип

Меню

Страницы

Статья

Азаматтық алу фактісі туралы хабарлаған жоқ

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін Шарбақты аудандық сотымен 2020 жылдың басынан бастап 7 әкімшілік іс қаралды. Оның ішінде үш шетелдік шығарылды, төртеуі айыппұлға тағайындалды, оны құқық бұзушылар өз еркімен төледі.
Шарбақты аудандық сотымен 1974 жылы туған Ресей Федерациясының Таулы Алтай қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
2015 жылдың қараша айында құқық бұзушы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтты. Алайда ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы хабарлаған жоқ.
Сот отырысында шетелдік азамат кінәсін толық мойындап, ҚР Көші-қон заңнамасын білмеу бойынша құқық бұзушылық жасағанын түсіндірді. Қазақстанда жақын туыстарының тұруына байланысты оған айыппұл тағайындауды өтінді.
Сот шетелдікті ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.
Кінәлінің жеке басын, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болуын, оның мүліктік жағдайын, құқық бұзушының пікірін, құқық бұзушының Қазақстан Республикасында туыстарының болуын назарға ала отырып, сот оған 388 920 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.
Сол күні құқық бұзушы айыппұлды өз еркімен төледі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

"Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»

Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
25 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы