
2020 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89-баптарына сәйкес, «Нұр Отан» партиясының Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:
Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген Шарбақты аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың тиісті органдарға жолдаған өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның оларға қойылған талаптарға сәйкестігін белгілейді.
Шарбақты аудандық мәслихаты депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылдың 10 қарашасынан 4 желтоқсанына дейін жүзеге асырады. (сағат 18.00-ге дейін).
Партиялық тізімдерді тіркеу 10 қарашада басталып және ағымдағы жылдың 10 желтоқсанда кешкі сағат 18.00-де аяқталады.