Логотип

Меню

Страницы

Статья

Кілегей мұз абай болыңыздар!

Күздің ауа райының шарттары күзде–қыстың басталуында өзен көлдерде әлсіз мұздың қалыптасуына және көп жерлерде жылымдар болуына  әсер етеді.Осындай мұзға шығу өте қауіпті.

Есте сақтаңыз: осындай қауіпсіз ережелерін сақтау бәледен сақтап қалады.
         Бұны білу қажет:

- адам үшін қауіпсіз болып саналатын мұз қалындығы 10 сантиметрден кем болмауы тиіс;

- өзен-көлдердің және су айдындардың мұзы қауіпті болады, әсіресе еріген су аққан жерлерде, қамыс арасында, мұз үсітне ағаштар және бұталар құлаған жерлерде, су гүрілдеп аққан жерлерде;

- егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болып үш күннен артық ұсталынған жағдайда мұздың беріктігі 25% төмендейді;

- мұздың беріктігін түсіне қарап анықтауға болады: көгілдір түсті мұз – берік; ақ түсті мұздың беріктігі екі есе азаяды: сұр, күңгірт ақ немесе сары реңі бар мұз сенімсіз, мұндай мұзға шығу аақауіпті;

Суық суға түсіп кеткен жағдайда не істеу қажет:

- абыржымаңыз, тез қимыл жасамаңыз, тыныс алуды бір қалыпты ұстаңыз;

- Осындай мезгілде аса сақ болу керек. Егер де мұз үстіне шығып, мұз сынып, су ішіне түсіп кетсеңіз, өз өзіңізді ұстай біліңіз. Мұзға шындағыңызбен тіреліп, көлденең жатуға тырысыңыз. Содан кейін мұз үстіне аяғыңызды шығарыңыз, бұрылып барып, судан екінші аяғыңызды алып шығып, бірден жылымнан қауіпсіз жерге жылжып кетіңіз.

- егер де мұз шыдаса, айналып ақырындап жағаға шығыңыз.

- келген  жаққа ғана еңбектеңіз себебі бұл жерде мұз төзімділікке шыдамды.

Егер де сіздің көмегіңіз қажет болса:

- ұзын таяқшамен немесе ағашпен жіпті алыңыз ( киімді немесе ременьді байлауға болады);

- аяқ пен қолды жайған қалпында алдына құтқару құралдарын қойып жылым болған жерге еңбектеу керек;

- судағы болған адамнан бірнеше метрден тоқтаңыз,оған жіпті немесе ағашты лақтырыңыз;

- абайлап зардап шеккенді мұздан алып шығып қауіпті зонадан алып шығыңыз.

Келген  жаққа ғана еңбектеңіз себебі бұл жерде мұз төзімділікке шыдамды.

   Зардап шеккенді жылы орынға апарыңыз.

   Оған көмек көрсетіңіз: зардап шеккеннен суланып қалған киімді шешіңіз, екпінді түрде денесін спиртпен ысқылаңыз, зардап шеккенге ыстық шай беріңіз. Зардап шеккенге алкоголь бермеңіз – бұл өлім жағдайына әкелуі мүмкін.

                                     

Шарбақты ауданының ТЖБ

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы