
Осы жоба Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешімнің күші жойылды деп танылған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларында 2020 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мақсатында қабылданды.
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығымен әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне де ұсынылуы тиіс.
Осыған байланысты, Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы "Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешімінің жобасы жоғарыда көрсетілген шешімнің күші жойылды деп тануды көздейді.
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.