
Қыс мезгілінде өрттердің ең көп саны пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе пештің ақаулығынан, сондай-ақата-анасының бейқамсыздығынан орыналады. Бұл сондай-ақ улы газбен улануға әкеледі.
Осылайша, 2020 жылдың басынан пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандықтан улыгазбен улану 2 фактісі орыналды, онда әр түрлі дәрежедегі уланғандар саны 13 адам, оныңішінде 9 бала, ойланып көріңіздерші 9 бала.
Егер осы сандарға көз жүгіртсек, онда мазасыз көріністі көруге болады, қуанышқа орай бәрі жақсы болды. Сондықтан әрбір үй иесі қажет болса, пешті жөндеуді уақытылы қамтамасыз ету керек.
Пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Жылыту маусымы басталар алдында мұржаларды тазалау, сондай-ақ жылыту маусымы бойы кем дегенде:
- үш айда бір рет жылыту пештері үшін;
- екі айда бір рет үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін;
- айына бір рет ас үй плиталары мен басқа да үздіксіз жұмыс істейтін пештер үшін.
Пештер мен түтін өткізгіштерді қалауда жарықтарды дер кезінде сылау және әктеу қажет. Әр пештің алдына, жағу есігінің алдында мөлшері 50х70 см кем емес қаңылтыр парағы болуы қажет. Отынды осы үшін арнайы бейімделген үй-жайда немесе жанатын құрылыстардан 8 м жақын емес орналасқан арнайы бөлінген алаңдарда сақтау керек. Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердің оттық тесіктерінен 1,25 м кем және пештердің қалған қыздырылған бөліктеріне дейін 0,7 м кем қашықтықта орналастыруға болмайды. Жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға жол бермеу.
Өрт қауіпсіздігі ережелерінің осы қарапайым талаптарын орындау Сізді және жақындарыңызды күтпеген салдарлардан құтқарады және тұрғын үйдің әрбір иесі жылыту пештерін қолдануда аса сақ болу керек. Егер қоғам өз қауіпсіздігіне көңіл бөлсе, қайғылы оқиғалар азаятын болады.
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары өрт қауіпсіздігі шараларын орындаудағы тек сіздердің жауапкершіліктеріңіз сіздерді және жақындарыңызды қайғылы нәтижеден сақтап қалады.
Шарбақты ауданының ТЖБ