Логотип

Меню

Страницы

Статья

Оқыту басталды

2020 жылдың 27 қазаны күні «Шарбақты ауданының әкім аппараты» ММ конференц-залында онлайн режимінде Шарбақты аудандық аумақтық сайлау коммисиясының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін электронды түрде оқыту жоспары аясында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарын және маслихаттар депутаттарын сайлау дайындығымен өткізуге байланысты сұрақтар жөнінде интерактивті дәріс өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Негманова Р.А., аудан әкімінің аппаратының басшысы Жакишева Г.Е., Шарбақты ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Масальская Ю.А., учаскелік сайлау комиссиясының тындаушы-төрағалары қатысты. Оқыту іс-шарасына өткізілген тіркеуге сәйкес, 27 (100 %) УСК төрағасы қатысты.

Отырыс барысында дәріс тыңдаушыларына «Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 21 қазанындағы № 439 Жарлығы, Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылдың 21 қазанындағы № 29/334 «Қазақстан Республикасының маслихаттар депутаттарын кезекті сайлауын тағайындау туралы» қаулысы ұсынылды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы дәріс тындаушыларына сайлау құқығының дереккөздерін еске салып, сайлау құқығының сайлау қарым-қатынасын реттейтін (енгізілген өзгерістерімен) нормативті-құқықтық актілерін мұқият қайталуын сұрады. Әрі қарай 2021 жылғы 10 қаңтарында өткізілетін Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің депутаттарын және Маслихат депутаттарын сайлау дайындығы бойынша іс-шара жұмыстары, сайлау учаскелеріндегі мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етудегі кедергісіз орта құру, материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары талқыланды. Іс-шара спикерлері учаскелік сайлау комиссиясының аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жергілікті атқарушы органдардың, политикалық партиялар, және бақылаушылармен сенімді тұлғалар жұмыстарының формалары мен әдістерінің негізгі бағыттарын анықтады. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің депутаттарын және Маслихат депутаттарының сайлауына қатысушылардың оны өткізу процесіндегі жауапкершіліктің өлшемі мен дәрежесін анықтады. Іс-шара спикері Масальская Ю.А. қатысушыларды Шарбақты аудандық маслихаттарының депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу бойынша 2021 жылдың 10 қаңтарына бекітілген партиялық тізім бойынша сайланатын, учаскелік сайлау

комиссияланының жұмыстарымен тікелей байланысты пункттеріне назар аудара отырып, негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарымен таныстырды. Іс-шара оқытуға қатысушылардың келесі кездесуінің күн тәртібін анықтау үшін, учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларына берген учаскелік сайлау комиссиясының спикерлерінің жеке консультацияларымен аяқталды.

Дата публикации
28 октября 2020
Дата обновления
28 октября 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы