
Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының тұрғыны, зейнеткерге қатысты қылмыстық іс қаралды.
2020 жылдың 10 шілдесінде сағат 08.00 шамасында сотталушы Шарбақты ауылында "ВАЗ-21053" маркалы автокөлікті басқарып, Бөгенбай батыр көшесінің батыс бағытында, 1 Май көшесінің қиылысында жүріп, басты жолмен келе жатқан көлік құралына жол бермеді және "Audi 80"маркалы автокөлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Audi 80" автокөлігінің жолаушысына орташа ауырлықтағы дене жарақаттары келтірілген.
Сот отырысында жәбірленуші мен сотталушы медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім ұсынды. Жәбірленуші сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш білдірді.
Сот жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты.
Қаулы заңды күшіне енді.
«Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»