Логотип

Меню

Страницы

Статья

Қауіпсіздік — басты назарда

Үйіңізді тілсіз жаудан қорғаңыз: Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады
​Жылыту маусымының басталуымен және күннің суытуымен тұрғын үйде өрттің шығу қаупі артады. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғын үй секторындағы қайғылы оқиғалардың көбі салғырттықтан және қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан орын алады.
​Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі әрбір тұрғынды жауапкершілік танытып, баспанасын суық түскенге дейін алдын ала дайындауға шақырады.
​Тұрғын үй секторындағы өрттің негізгі себептері:
​Пешпен жылыту: жарығы бар, түтіндігі тазаланбаған пештерді немесе пеш алдындағы металл табағы (өлшемі кемінде 50х70 см) жоқ пештерді пайдалану.
​Электр жабдықтары: электр желісіне артық жүктеме түсіру, қолдан жасалған жылытқыштарды және зақымдалған сымдарды қолдану.
​Адам факторы: мас күйінде төсекте темекі шегу және балаларды қараусыз қалдыру.
​Маңызды! Улы газ (CO) — көрінбейтін әрі иіссіз жау. Отбасыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар бөлімі тұрғын бөлмелерге түтін мен улы газды анықтайтын автономды датчиктерді орнатуды ұсынады. Бұл шағын құрылғы қауіп төнгенде дабыл қағып, адам өмірін сақтап қалуға қабілетті.
​Жеке үй иелеріне арналған жадынама:
​Мусор мен күйені түтіндіктен үш айда кемінде бір рет тазалаңыз.
​Киім мен отынды пештің үстіне немесе оған тым жақын кептірмеңіз.
​Жанып жатқан пешті және қосулы тұрған электр құрылғыларын балалардың қарауына қалдырмаңыз.
​Электр сымдары мен пеш жабдықтарын жөндеуді тек білікті мамандарға тапсырыңыз.
​Есіңізде болсын: өртті сөндіргеннен аман сақтаған жеңілірек. Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі — өз қолыңызда!
​Төтенше жағдай орын алған жағдайда бірден 101 немесе 112 телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.

Дата публикации
17 сентября 2026
Дата обновления
17 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы