
Алғашқы күзгі суыққа әлі уақыт болса да, Шарбақты ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жеке үй иелеріне жылу беру маусымына дайындықты қазірден бастауды қатаң ұсынады. Жаз — асықпай жүріп барлық ақауларды жоюға болатын, жөндеу жұмыстарына арналған ең қолайлы уақыт.
Қысқы өрттердің статистикасы көрсеткендей: өрттер мен иіс тиіп улану жағдайларының басым көпшілігі пешті жөндеу соңғы сәтке шегерілген үйлерде орын алады. Иіс газының түсі де, иісі де болмайды, сондықтан оны «үнсіз қанішер» деп атайды. Қыс бойы жиналған күйені мұржадан тазартыңыз. Шатыр ішіндегі мұржаны міндетті түрде әктеңіз. Ақ бетте бөлмеге түтін мен ұшқын өтіп кетуі мүмкін қауіпті қара жарықтар бірден көзге түседі. Пештің сыртын мұқият қарап шығып, табылған барлық саңылаулар мен жарықтарды арнайы балшықпен немесе отқа төзімді қоспамен бітеңіз. Пеш есігінің алдындағы ағаш еденге өлшемі кемінде 50х70 сантиметр болатын металл табақ міндетті түрде шегеленуі тиіс. Ол еденді кездейсоқ түскен шоқтан қорғайды. Тарту арналары мен желдеткіш торларының дұрыс жұмыс істейтініне, қоқыс пен өрмекші торына толып қалмағанына және ауаның жақсы келуін қамтамасыз ететініне көз жеткізіңіз. Жиһаз, перделер және басқа да тез тұтанатын материалдар пештің қызатын беттерінен қауіпсіз қашықтықта орналасуы керек екенін ұмытпаңыз. Құтқарушылар ерекше назарды қарт туыстардың, жалғызбасты көршілердің және көпбалалы отбасылардың баспаналарына аударуды ұсынады. Суық түскенге дейін оларға пештерді тексеруге және ақауларды жоюға көмектесіңіз. Өртті сөндіргеннен қарағанда, оның алдын алған оңайырақ. Қауіпсіздікті ертеңге қалдырмаңыз!
Жану немесе түтіндеу белгілері байқалған жағдайда тез арада құтқару қызметінің «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.