
Күннің ысуы мен құрғақ ауа райының орнауына байланысты орман және техногендік өрттердің шығу қаупі күрт артып отыр. Өлкеміз өзінің бірегей таспалы қарағайлы ормандарымен танымал, сондықтан осы табиғи байлықты сақтау — әрқайсымыздың ортақ парызымыз. Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары мен қонақтарын барынша қырағы болуға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Осы кезеңдегі стихиялық өрттердің басты себептерінің бірі — құрғақ шөп пен тұрмыстық қалдықтарды бақылаусыз жағу. Қоқысты аула маңындағы учаскелерде және алқаптарға жақын жерде өрт жақпаңыз. Қауіпсіз әдістерді қолданыңыз, қалдықтарды өртеудің орнына оларды кәдеге жаратудың қауіпсіз жолдарын таңдаңыз. Аумақтағы құрғақ өсімдіктерді оттың көмегінсіз механикалық түрде тазалаңыз. Табиғатқа шығу және пикниктер жоғары жауапкершілікті талап етеді, өйткені құрғақ ормандағы кез келген ұшқын гектарлаған ағашты жойып жіберуі мүмкін. Отты тек арнайы жабдықталған орындарда ғана жағыңыз. Отты толық өшіріңіз, кетпес бұрын күлдің бықсып жанбауы үшін үстіне су құйыңыз немесе топырақпен көміңіз.Тұтанған сіріңке мен сөндірілмеген темекі қалдықтарын орман төсенішіне лақтырмаңыз. Шыны ыдыстарды қалдырмаңыз, орман алаңқайларында шыны қалдыруға болмайды, өйткені ол линза рөлін атқарып, өрт тудыруы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қатаң әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қаперіңізде ұстаңыз.
Егер өртті байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз