Логотип

Меню

Страницы

Статья

Сәлеметсіздер ме! Жақында БЖЗҚ салымшыларына есептелетін инвестициялық табыс көбею жағына қарай да, азаю жағына қарай да өзгеріп отыратындығы туралы оқыған едім. Сұрайын дегенім, біздің ақшамызды кім инвестициялайды, БЖЗҚ ма, әлде Ұлттық банк пе? Бүкіл қаржыға алтын сатып алып, оның құны өскенше жай ғана күтіп отыруға бола ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган – ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес. ҚР Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органы – БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Екінші мәселеге қатысты, тәуекелдерді басқарудың базалық қағидаттарына сай барлық зейнетақы жинақтарын құралдардың бір түріне жіберуге жол берілмейтінін атап өткен жөн. Сондықтанпортфельді валюталар мен құралдар түрлері бойынша әртараптандыру, инвестициялардың жағрафиясын, зейнетақы активтері есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл тәуекелдерді төмендетіп, жалпы зейнетақы портфелін қорғауды қамтамасыз етеді.

Дата публикации
19 октября 2020
Дата обновления
19 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы