
2026 жылғы 5 маусым мен 20 маусым аралығында Щербақты ауылдық округінің аумағында және Жылыбұлақ ауылдық округінің аумағында (Хмельницкий учаскесі) жалпы көлемі 1692 гектар жерге Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген инсектицидтерді пайдалана отырып, үйірсіз шегіртке зиянкестеріне қарсы жерүсті бүріккіштерімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде және өңдеу аяқталғаннан кейін 30 күн бойы химиялық өңделген учаскелерде адамдардың болуына, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, шөп шабу жұмыстарын жүргізуге және омарталарды орналастыруға қатаң тыйым салынады.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы» ММ химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін өз кешірімін білдіреді.