Логотип

Меню

Страницы

Статья

Құрамында хлорпирифос бар пестицидтер мен инсектицидтерді әкелуге, пайдалануға (қолдануға) және сатуға тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік Санитариялық Дәрегері қаулысына сәйкес «Құрамында хлорпирифос бар пестицидтер мен инсектицидтерді әкелуге, пайдалануға (қолдануға) және сатуға тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы № 259 Заңымен ратификацияланған Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы  тараптарының 12-ші конференциясында қабылданған өндіруге және әкелуге тыйым салынған  химиялық заттардың тізбесіне  (А-қосымшасы) хлорпирифостың енгізілуі туралы тұрақты органикалық ластағыштарды қарау бойынша Комитеттің шешіміне сәйкес, 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 56 және 57-баптарын және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы  Кодексінің              

38-бабының 1-тармағының  15) тармақшасын  басшылыққа ала отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті  (бұдан әрі – Комитет, ҚР АШМ АӨ КМИК):

1) құрамында хлорпирифос бар пестицидтер мен инсектицидтерді  мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұрсын;

 2) пестицидтің әсер ететін заты мен препаративтік түрін токсикологиялық-гигиеналық бағалау бойынша келісулер мен қорытындыларды беруді тоқтата тұрсын; 

  3) ҚР АШМ АӨ КМИК-ы құрамында хлорпирифос бар пестицидтер қалдықтарына тексеру жүргізсін;

 4) 2026 жылғы 17 желтоқсаннан бастап:

- пестицидтің әсер ететін заты мен препараттық түрін токсикологиялық-гигиеналық бағалау бойынша бұрын берілген келісулер мен қорытындылар  кері қайтарып алынсын;

- ҚР АШМ АӨ КМИК-ы бұрын берген құрамында хлорпирифос бар пестицидтерді тіркеу туралы куәліктер  және Комитеттің берген құрамында хлорпирифос бар инсектицидтерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер  кері қайтарып алынсын.

  1. ҚР АШМ АӨ КМИК, Комитет және пестицидтер және инсектицидтерді сараптауды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар Стокгольм конвенциясының А-қосымшасындағы өзгерістерді ескере отырып, пестицидтер мен инсектицидтердің әсер ететін затын бағалау бойынша сараптамалық қорытындыларды қарауды және беруді тоқтата тұрсын.
  2. Комитеттің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау басқармасы:

1) осы қаулыны Комитеттің ресми сайтында жариялауды;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының назарына  жеткізуді;

3) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша санитариялық шара енгізілгені туралы ақпаратты мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы Комитеттің ресми сайтында жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді, осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасы 2026 жылғы 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Дата публикации
12 мая 2026
Дата обновления
12 мая 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы