Логотип

Меню

Страницы

Статья

Мен жақында босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шығуға дайындалып жүрмін. Жұмысымды тоқтататындықтан зейнетақы жинақтарымның жай-күйі не болмақ?

Сәбиіңізді дүниеге әкелгенннен кейін Сізге бала күтіміне байланысты демалыста отырған аналарға арналған мемлекеттік қаржылай көмек берілуі тиіс. Осындай нысандардың бірі - бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) субсидиялау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтікдаму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-тарауы 4-тармағына сай МЗЖ-ны бюджет қаражаты есебінен субсидиялау әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына ай сайын жүзеге асырылады. Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін анасының жеке зейнетақы шотына ай сайын бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнетақы жарналары аударылып отырады.

МЗЖ субсидиялау барысында әйелдердің зейнетақы аударымдарының мөлшері төмендемейді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алған кезең ішінде бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері әйелдің есептелген табысы мөлшерінің деңгейінде сақталады.

Яғни, міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанға дейінгі белсенді еңбек қызметі кезеңінде аударылған МЗЖ (табыстың10%) деңгейінде сақталады. Осылайша 10 %-дық жарнаның:

4% - бала күтіміне байланысты төлем аударатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ);

6 % - республикалық бюджеттен (субсидия) бөлінеді.

Мысалы, бала туғанға дейін әйелдің ай сайынғы жалақы мөлшері 150 000 теңгені құрады делік. Ай сайын оның БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына осы сомадан 10% МЗЖ, яғни 15 000 теңге аударылып отырған еді. Босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шыққаннан кейін осы жарнаның сомасы сақталуы тиіс, бұл ретте табыстың 4% (6000 теңге) МӘСҚ-дан, ал 6% (9000 теңге) республикалық бюджеттегі субсидиялар есебінен төленеді.

Айта кету керек, мемлекеттік субсидияларды есептеу үшін құжаттар жинау немесе бір жерге өтініш берудің қажеті жоқ. Субсидиялар бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы есептеу кезінде әйелдің зейнетақы шотына автоматты түрде есептеледі және аударылады.

Дата публикации
12 октября 2020
Дата обновления
12 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы