Логотип

Меню

Страницы

Статья

Қайырлы күн! Мен абайсызда БЖТ-ны басқа айға төлеп жіберіппін, төлемді қалай қайтарып алуға болады?

№4 Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қате төленген БЖТ-ны қайтарып алу үшін төлем жасаушы, банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Мемлекеттік корпорацияға №4 Қағидаларда белгіленген нысан бойынша қате төленген БЖТ-ны қайтару туралы өтініш беріп, оған төлем құжатының немесе БЖТ төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса тіркейді. 

Агент өтінішінің негізінде Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға қате аударылған БЖТ сомасын аудару туралы электрондық өтінім жолдайды.  

БЖЗҚ электрондық өтінім алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖТ төлеушілердің аты-жөндері мен телефон нөмірлері, өтінім берген күндері көрсетілген тізімді қоса тіркей отырып, Мемлекеттік корпорацияға қайтарым жасайды. 

БЖТ-ның толық сомасын алған кезде Мемлекеттік корпорация сомалар түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде оларды БЖТ төлеушінің қате төленген БЖТ сомасын қайтару туралы өтінішінде көрсетілген банк шотына төлем тапсырысымен аударуды жүргізеді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты  қате есептелген БЖТ сомаларын қайтаруды жүзеге асыру немесе Мемлекеттік корпорацияға БЖТ сомасын аударған банктің немесе ұйымның деректемелерін нақтылау мәселесі бойынша тұрғылықты жерде орналасқан Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгіну қажет.

Дата публикации
12 октября 2020
Дата обновления
12 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы