Логотип

Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда цифрландыру туралы жиі айтылады және коранавирус індеті кезінде онлайн дамуына тереңірек тоқталу қажет. Ендеше бұл мәселе БЖЗҚ-да қалай жолға қойылған? Электрондық тәсілмен қызмет алатын адамдар қатары соншалықты көп пе?

Жаңа технологиялардың дамуы мен электрондық жүйелердің озық жұмыс істеуінің арқасында БЖЗҚ қызметтерінің 90% бүгінде онлайн пішімде көрсетіледі.Осылайша біздің салымшыларымыз (алушылар) өз денсаулықтарын қатерге байламай, қызметтердің тұтас спектрін үйден шықпай-ақ ала алады: ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз пайдаларына зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шартты жасасу; жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қарау; электронды пошта арқылы өзіне ЖЗШ-нан үзінді көшірмені жіберу; зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарттың жекелеген деректемелеріне өзгерістер енгізу; мерзімсіз белгіленген 1 және 2 топтардағы мүгедектіктің тағайындалуына байланысты өтініш беру және өзге деқызметтер (қызметтердің толық тізімімен БЖЗҚ сайтында танысуға болады).

2020 жылдың 1 шілдесіне қарай БЖЗҚ салымшыларына 9,4 миллионнан астам қызмет көрсетілгенін атап кеткен жөн. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,7% жоғары. Барлық қызметтердің 91,4% (немесе 8 566 698 операция) электрондықпішімде жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн пішімнің танымалдылығы 16,4% өсті.

Бұдан бөлек БЖЗҚ салымшылары қажетті кеңестерді 1418 нөмірі арқылы байланыс орталықтарында  (Қазақстанбойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративном сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі арқылы WhatsАpp және Viber чат-боттарында және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан ала алады.

Дата публикации
05 октября 2020
Дата обновления
05 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы