Логотип

Меню

Страницы

Статья

Қайырлы күн, көршім Ауғаныстан елінің азаматы болып табылады және менің мейрамханама жұмысқа орналасқысы келеді. Қазақстан Республикасыныңазаматы болмағандықтан ол үшін мен зейнетақы жарналарын аудара аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланды. Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратыншетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басын куәландыратын құжаттары бар болған жағдайда (шетелдік үшін – бұл Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар құжат, азаматтығы жоқ адамға – азаматтығы жоқ адамның куәлігі), Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие.

 Егер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына өзгелей заңдық негізде келген жағдайда, онда олар Қазақстан Республикасына уақытша келгендер  болып табылады және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие болмайды,соның ішінде оларға БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аударуға тыйым салынады.

Осылайша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу құқығына ие. Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ)/ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт жасасуды есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашуға орай өтініш беруге қатысты мәселеге тоқтала кетсек,2019 жылдың қаңтар айынан бастап МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу автоматты түрде жүзеге асырылады, сәйкесінше, оны ашу үшін жеке тұлғалардың Қорға келулерінің қажеті жоқ.Жеке тұлғаларда МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоттары болмаған жағдайда ол электронды төлем тапсырмасында көрсетілген жеке тұлғаның деректемелеріне БЖЗҚ-ға агент аударған, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан түскен МЗЖ алғашқы сомасы негізінде ашылады. Осыған байланыстыжеке тұлғалардан БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашуға орай өтініш қазір талап етілмейді.

Дата публикации
05 октября 2020
Дата обновления
05 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы