Логотип

Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері артты

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қызметкер табысынан 3,5% дейін ұлғайтылды (ЖМЗЖ мөлшері жыл сайын кезең-кезеңмен өсуде - 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5%).

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) өз қызметкерлерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуға міндеттелді. Осылайша халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс берушінің қатысуымен іске асырылатын жаңа құрамдас бөлікпен толықтырылды.

ЖМЗЖ енгізу 1975 жылы және одан кейін туған азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуын жақсартуға бағытталған. Себебі бұл санаттағы азаматтардың ынтымақты зейнетақы алу үшін маңызы зор 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе мүлде аз. Болашақта олардың жиынтық зейнетақысы үш құрамдас бөліктен тұратын болады: мемлекеттен төленетін базалық зейнетақы, қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасатын жинақтаушы зейнетақы және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптасатын шартты-жинақтаушы зейнетақы.

Жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған адамдар, зейнет жасына толған азаматтар, мерзімсіз уақытқа I және II топтағы мүгедектік белгіленген адамдар, әскери қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады. Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ-ны уақытылы әрі толық төлеуін қадағалау міндеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген.

ЖМЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдері өмір бойына жүзеге асырылады. Алайда зейнетақы алушы шетелге тұрақты тұруға көшкен немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын өзгерткен жағдайда бұл төлемдер тоқтатылады. Мұндай жағдайда азамат тек өзінің жеке зейнетақы шотында жинақталған қаражатын ғана ала алады, ал ЖМЗЖ есебінен аударылған қаражат БЖЗҚ-да қалады. Себебі бұл қаражат салымшының жеке меншігі болып саналмайды және шартты зейнетақы шоттарына есептеледі. Сәйкесінше, ЖМЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтар мұраға қалдырылмайды және олар зейнетақы төлемдерін ынтымақтылық (тарату) қағидаты бойынша төлеуге арналған. Демек, Қазақстан азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған тұлғалар үшін бұрын төленген ЖМЗЖ қаражаттары қорда қалып, қалған қатысушылар арасында қайта бөлінеді.

Бұған дейін сарапшылар ЖМЗЖ есебінен жиналған қаражатты салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аудару, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда тең тәсілді қамтамасыз ету мақсатында жасына қарамастан, ЖМЗЖ-мен барлық қызметкерлерді қамту жөнінде ұсыныстар білдірген болатын. Сарапшылар тарапынан жасалған бұл ұсыныстар әзірге талқылау сатысында.

Дата публикации
20 января 2026
Дата обновления
20 января 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы