
Шарбақты аудандық соты 1987 жылы туған Лебяжі ауданының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарастырды.
Құқық бұзушы 2020 жылдың 26 тамызында сағат 17 шамасында Шалдай ауылының маңындағы жолмен көлік құралдарын басқару құқығы балмастан, мас күйінде, "Opel Vectra"автокөлігін басқарған.
Сот отырысында жүргізуші кінәсін толық мойындап, 2014 жылы жүргізуші куәлігінен айырылғаннан кейін қайтадан алмағаныңтүсіндірді. Құқық бұзушысоттан қатаң жазаламауды өтінді.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкесқұқық бұзушының орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдығы анықталды.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және оған 20 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.
«Шарбақты аудандық сотының
баспасөз қызметі»