
Сот шешімін орындамағаны үшін Шарбақты аудандық сотымен 1983 жылы туған Шарбақты ауылының жұмыс істемейтін тұрғынынақатысты әкімшілік іс қаралады.
Құқық бұзушы кәмелетке толмаған екі баланы күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын орындамайды. Сот орындаушысының бірнеше рет ескертуіне қарамастан, борышкер сот шешімін орындаудан жалтарады.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, соттан жазаламауды өтінді. Жұмысқа орналаспағанына байланысты алимент төлемеген.
Сот отырысында құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып,оған 1 тәулік мерзімге қамау түрінде жаза тағайындайды.
Қаулы заңды күшіне енді.
«Шарбақты аудандық
сотының баспасөз қызметі»