Щербақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға жылу беру маусымына алдын ала дайындалудың маңыздылығын ескертеді. Қыс мезгілінің қауіпсіз әрі жайлы өтуі үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет:
•үйдегі терезе мен есіктерді жылытыңыз;
•пештердің, мұржалардың және желдету жүйесінің жарамдылығын тексеріңіз;
•қолдан жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды қолданбаңыз;
•улы газдан сақтану үшін арнайы датчик орнатыңыз;
•отынды алдын ала дайындап қойыңыз;
•электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз;
•пеш пен электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.
ТЖБ қызметкерлері атап өткендей, дәл қыс мезгілінде өрттер мен улы газбен улану жағдайлары жиілейді. Сондықтан әрбір тұрғынның мұқияттылығы мен сақтығы – өз қауіпсіздігіңізді және отбасыңыздың амандығын қамтамасыз ететін басты шарт.