
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2-санаттағы су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары (жағажайлар) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы жоғары объектілердің тізбесіне жатады. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды рұқсат беру құжаты болып табылады.
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ДСМ-67 бұйрығына сәйкес көпшілік демалатын орындарда мынадай санитариялық талаптарды сақтау қажет:
- демалуға және шомылуға (пляж) арналған аумағы қоқыстан тазаланады;
- көпшілік демалатын орындарды орналастыру порттардан, шлюздерден, су электр станцияларынан, сарқынды суларды ағызатын жерлерден, мал қоралары мен суаратын жерлерден және басқа да ластану көздерінен алшақтатуды ескере отырып жүргізіледі немесе көрсетілген ластану көздерінен кемінде 500 м қашықтықта, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитариялық-қорғаныш аймақтарынан тыс жерде және қоршаған ортаны ластау көздері мен шу көздеріне қатысты жел жағынан орналастырылады;
- жағажай аумағында күн сәулесі түсетін бастырмалар немесе шатырлар, жатақтар мен орындықтар, шезлонгтар жабдықталады;
- киініп-шешіну үшін 50 адамға арналған бір кабина есебімен жалпы немесе жеке кабиналар орнатылады;
- күнделікті жағажай жабылғаннан кейін жағалауды тазалау, киініп-шешінетін орындарды, жасыл аймақтарды және дәретханаларды тазалау, дезинфекциялау жүргізіледі. Күні бойы ағымдық тазалау жүргізіледі. Жиналған қалдықтар дер кезінде шығарылады;
- құмды жағажайларда аптасына бір рет жиналған қалдықтарды жойып және құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсыту жүргізіледі. Қопсытқаннан кейін құм тегістеледі. Құм немесе қиыршық тас себу жыл сайын өткізіледі;
- жағажайларда кір жуу және жануарларды шомылдыру жүргізілмейді;
- қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қойылған контейнерлер жағажайлардан және демалушылардың көп жиналатын орындарынан (билеу алаңдары, эстрада, субұрқақтар, басты аллеялар, ойын-сауық павильондарынан) 50 м ден жақын емес қашықтықта орналасады;
- объектілердің иелері суға шомылу маусымы басталар алдында, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру барысында, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде су қоймаларының суына және жағажайлардың құмына нормалау құжаттарының талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
- шаруашылық жүргізуші субъектілер өндірістік бақылау жүргізеді;
- шомылу маусымы басталар алдында объектілердің иелері, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру барысында, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде су қоймалары суының және жағажайлардан құмның нормалау құжаттарының талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізеді.