Логотип

Меню

Страницы

Статья

Ұнды фортификациялау

Қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің маңызды мәселелерінің бірі – теміртапшылық анемиясы

Әртүрлі дереккөздерге сәйкес, әлемде 3 миллиардтан астам адам анемиямен ауырады.

Тыныс алу процесі — кез келген ағза үшін өмірлік маңызы бар. Қанда оттегін тасымалдайтын жалғыз зат — гемоглобин. Толыққанды гемоглобиннің түзілуі үшін ағзаға тағам арқылы темір түсуі қажет. Темір жетіспеген жағдайда гемоглобин деңгейі төмендейді, демек ағза жасушаларына оттегі жеткіліксіз мөлшерде түседі, бұл теміртапшылық анемиясына (ТТА) алып келеді.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары теміртапшылық анемиясын ана өлімі, нәресте өлімі және жалпы өлім-жітімнің басты қауіп факторларының бірі ретінде атап өткен. Сондай-ақ, бұл дерт жаһандық аурулар жүктемесінің алғашқы он себептерінің қатарына кіреді.

Теміртапшылық анемиясының белгілері: Жалпы әлсіздік,Тез шаршау, тіпті аз физикалық жүктемеден кейін де, Бас ауруы, Терінің, еріннің, шырышты қабықтардың бозаруы, Ашығу, тәбеттің төмендеуі, Дәм сезу бұзылыстары.

Анемияның алдын алудың үш негізгі тәсілі бар:

  1. Фармакологиялық (дәрілік заттармен алдын алу);
  2. Рационалды тамақтану;
  3. Фортификация – негізгі азық-түлік өнімдерін темір қосылыстары мен дәрумендермен байыту.

Теміртапшылық анемиясының алдын алудың ең қарапайым, арзан және қолжетімді әдісі — үшінші тәсіл, яғни фортификация.

Қазақстан Республикасының заңнамасы тағам өнімдерін фортификациялау тәртібін реттейді. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде жоғары және бірінші сортты бидай ұнын темір мен басқа да дәрумендермен, минералдармен міндетті түрде байыту (фортификациялау) көзделген.

Фортификация үшін бидай ұны кездейсоқ таңдалмаған. Ұн — темір мен дәрумендердің ең қарапайым, арзан әрі қолжетімді көзі. Обогащение (байыту) процесі ұнның дәмін, түсін, иісін өзгертпейді, нан-тоқаш өнімдерінің сапасы да бұрынғыдай қалады. Фортификацияланған ұнды тұтыну — қауіпсіз. Мұндай ұн пісіп-жетілу кезінде жоғалған пайдалы заттарды қалпына келтіреді, сондықтан оны тұтынуға қарсы көрсетілімдер жоқ.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың теміртапшылық анемиясының алдын алу үшін құрамында темір мен фолий қышқылы бар байытылған ұн мен нанға басымдық беріңіз. Денсаулығыңызды күтіңіз!

Дата публикации
02 июля 2025
Дата обновления
02 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы