
"Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 30.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-336/220 бұйрығы негізінде мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
- объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне, қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмір беру және олардың тізілімін жүргізу.
Бүгінгі таңда тұрғындар арасында Мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алуға үлкен сұраныс бар. Бұл жалпы интернет-саланың қарқынды дамуымен, сондай-ақ азаматтардың өз уақытын оңтайландыруға деген ұмтылысымен байланысты. Көрсетілетін қызметті алушының"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беруге құқығы бар www.egov.kz, www.elicense.kz / .
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Талап етілетін құжаттардың тізбесі осы бұйрықта белгіленген.