
Жатаған укекіре (Acroptilon repens) – ауыл шаруашылығына елеулі қауіп төндіретін көпжылдық карантиндік арамшөп. Оның қуатты тамыр жүйесі 10 метрден астам тереңдікке еніп, өсімдіктің тіршілік қабілетін арттырады және оны жоюды қиындатады. Горачак тұқым арқылы да, тамыр арқылы да көбейеді. Тұқымдары бес жылға дейін өсу қабілетін сақтай алады, ал бір өсімдік екі жыл ішінде 12 м² аумақты басып алады.
Жатаған укекіренің егістік алқаптарда таралуы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін 50-70%-ға дейін төмендетеді. Бұл арамшөп мәдени өсімдіктерге қарағанда 2-5 есе көп ылғал мен қоректік заттарды тұтынады және топыраққа улы заттар бөледі, бұл егістік дақылдарының өсуін тежейді. Сондай-ақ, жатаған укекіре кейбір жануарлар, әсіресе жылқылар үшін улы болып табылады; оны тұтыну сиырлардың сүт сапасына кері әсер етуі мүмкін.
Жатаған укекіреге қарсы күресу үшін кешенді шаралар қолданылады:
Қолданылмайтын жерлердегі арамшөп ошақтарын гүлдену алдында жүйелі түрде шабу;
Тамыр жүйесін бірнеше рет өңдеу үшін топырақ өңдеу техникасын пайдалану;
Арамшөптің өсуін тежейтін дақылдарды егу арқылы ауыспалы егісті сақтау.
Горчактың бүршіктену және гүлдену кезеңінде гербицидтер қолдану.
Егер жатаңан укекіре анықталса, бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларына хабарлау қажет.
Өсімдіктер карантині бойынша шараларды уақытылы немесе тиісінше орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Тек бірнеше жыл бойы агротехникалық, химиялық және ұйымдастырушылық шараларды үйлестіре отырып, залалданған аумағында жатаған укекіренің таралуын тиімді бақылауға және азайтуға болады.
«ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ» ММ