Сатып алу кезінде нені тексеру керек:
- Жарамдылық мерзімі:
- Өнімнің өндірілген күні мен жарамдылық мерзімін тексер.
- Жазуы өшіп қалған немесе белгісіз мерзімді өнімді алма.
- Қаптамасы:
- Қаптама бүтін болуы тиіс: жарылған, жыртылған, ісініп кеткен, сұйықтық шыққан өнім қауіпті.
- Вакуумда немесе пленкада — ауа мен ылғалсыз болуы керек.
- Температуралық сақтау:
- Сүт, ет, мұздатылған өнімдер — тек тоңазытқыштан немесе мұздатқыштан алынған болуы керек.
- Суықта сақталуы тиіс өнімді жылы сөрелерден алма.
- Сыртқы түрі мен иісі
- Түсі — табиғи, дақсыз, көгермеген.
- Иісі — балғын, қышқыл, шірік немесе көгерген иіс болмауы керек.
- Маркировка (таңбалау) болуы керек
- Қаптамада міндетті түрде:
- Құрамы
- Өндіруші
- Сақтау шарттары
- Жарамдылық мерзімі көрсетілуі тиіс
АБАЙ БОЛ! Мыналарды сатып алма:
- Қолдан (көшеде, автобуста және т.б.) сатылатын өнімдер.
- Қаптамасыз, этикеткасыз тауарлар.
- Салқындатылмай сақталған дайын тағамдар немесе лас сөрелерден алынған өнімдер.
Есте сақта:
Қауіпсіз өнім — денсаулық кепілі!