Логотип

Меню

Страницы

Статья

🚫 Арнайы рұқсатқа дейін: су айдындарында шомылуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Жылы күндердің келуімен облыс тұрғындары табиғи су айдындарына жиі бара бастайды. Алайда ресми шомылу маусымы басталғанға дейін суда шомылу адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты Павлодар облысының аумағындағы су айдындарында арнайы рұқсат берілгенге дейін шомылуға тыйым салынады.
 
⚠ Неліктен тыйым салынған?
 
Ресми шомылу маусымы басталғанға дейін:
•шомылуға арналған қауіпсіз орындар бекітілмеген;
•судың түбі мен санитарлық жағдайы тексерілмеген;
•құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылмаған;
•медициналық және техникалық қамтамасыз ету қарастырылмаған.
 
Яғни, қазіргі таңда су айдындарында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілмеген, ал шомылу қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін.
 
📊 Статистика өзі сөйлейді:
•2024 жылы Павлодар облысында 24 адам суға кеткен, олардың 7-еуі — балалар.
•Көптеген қайғылы оқиғалар шомылуға арналмаған және тыйым салынған жерлерде, сондай-ақ маусымнан тыс уақытта орын алған.
 
📍 Ескерту:
 
✅ Облыстағы ресми шомылу маусымы тек жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулысынан кейін ашылады және келесі шарттармен қамтамасыз етілуі тиіс:
•шомылуға рұқсат етілген орындардың тізімі бекітілуі;
•құтқару бекеттерінің жұмыс істеуі;
•медициналық қызметкерлердің болуы;
•санитарлық-гигиеналық қорытындының болуы.
 
Осы талаптар орындалғанға дейін суға шомылу — қоғамдық тәртіпті бұзу болып есептеледі.
 
👨‍👩‍👧 Ата-аналар үшін аса маңызды:
•Балаларды су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыздар;
•Балаларға рұқсат етілмеген өзен-көлдер мен карьерлерде шомылуға жол бермеңіздер;
•Су қанша тыныш көрінсе де, қауіп бар екенін түсіндіріңіздер.
 
⚖ Жауапкершілік
 
Қауіпсіздік талаптарын сақтамау:
•Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке,
•ал адам өлімі немесе жарақаттану жағдайында — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
 
🛑 Қауіпсіздік — басты орында
 
Щербақты ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды ресми маусым ашылғанға дейін суға шомылудан бас тартуға және су жанында болғанда сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
 
➡ Ресми сайттар мен әкімдіктердің әлеуметтік желідегі парақшаларындағы хабарламаларды бақылап отырыңыздар.
➡ Уақытша демалыс үшін өміріңізді қауіпке тікпеңіздер.
Дата публикации
28 мая 2025
Дата обновления
29 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы