Логотип

Меню

Страницы

Статья

Балалар қауіпсіздігі — бақылауда. Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың терезеден құлау мәселесі

Көктем-жаз мезгілінің басталуымен өңірде балалардың терезеден құлау мәселесі қайта өзекті бола түсуде. Медициналық мекемелер мен құқық қорғау органдарының деректері бойынша, 2025 жылдың басынан бері Павлодар облысында көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауымен байланысты 4 жағдай тіркелген.
 
2024 жылы 21 осындай оқиға тіркеліп, оның біреуі бала өлімімен аяқталған. Соңғы 5 жылдағы жалпы статистика бойынша 48 жағдай тіркелген, олардың 11-і қайғылы жағдаймен аяқталған.
 
📍 Оқиғалардың негізгі себептері:
•терезелерде қорғаныс блокираторларының болмауы;
•балалардың терезе алдына оңай шығуы;
•маса торларының салмаққа төтеп бере алмауына байланысты жалған қауіпсіздік сезімі;
•ата-аналардың баланы бақылаусыз қалдыруы.
 
🔍 Қауіп тобына жататын жас ерекшелігі
 
Көптеген оқиғалар 1-ден 5 жасқа дейінгі балалардың арасында кездеседі. Бұл — олардың табиғи белсенділігі мен қауіп-қатерді сезінбеуіне байланысты.
 
Әсіресе, терезелерінде қорғаныс құралдары орнатылмаған көпқабатты үйлерде тұратын отбасылар үшін қауіп жоғары болып отыр.
 
🛡 Алдын алу шаралары
 
Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Щербақты ауданының ТЖ бөлімі ата-аналар мен заңды өкілдерге келесі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады:
•терезелерге қорғаныс блокираторлары мен бекіткіштер орнату (бағасы шамамен 2 000 теңгеден басталады);
•терезелерге темір торлар немесе арнайы қорғаныс экрандарын орнату;
•ашық терезе кезінде баланы қараусыз қалдырмау;
•жиһазды терезе алдынан алыстату;
•тіпті кішкентай балалармен де қауіпсіздік тақырыбында үнемі әңгіме жүргізу.
 
👨‍👩‍👧 Ата-аналардың жауапкершілігі
 
Естеріңізге саламыз: бала қауіпсіздігі үшін ата-аналар жеке жауапкершілік атқарады. Егер ата-аналардың немқұрайлылығы салдарынан бала денсаулығына зиян келсе, бұл ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Дата публикации
28 мая 2025
Дата обновления
28 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы