Логотип

Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың 15 мамырында ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.К. Калыбаеваның төрағалығымен 2-тоқсанда ауданның қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Шарбақты аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Қаратайқызы Смаилханова, «Шарбақты аудандық әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау жөніндегі бас маманы Жұлдыз Ақылбекқызы Калыбаева қатысты. 

Отырыста үш мәселе қаралды.

  1. Ауданда волонтерлік қызметті дамыту туралы. «Қаһарман жастар орталығы» КММ басшы Ляля Жаскенқызы Имангазинова өзекті мәселелері мен келешегі туралы сөз сөйледі.
  2. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еліміздің еңбегі артық өңірлерінен қоныс аударушылармен жұмыс туралы» Шарбақты ауданының Мансап орталығы филиалының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және оқыту секторының басшысы Айдолда Радат хабарлады.
  3. «Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және электрондық қызметтерді дәріптеу жөніндегі жұмыс туралы» 3-сұрақ бойынша мемлекеттік мекемелердің 4 басшысы есеп берді:

«Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Сағадат Сембиұлы Солтанов, «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Светлана Анатольевна Кайсаримова, Александровка ауылдық округінің әкімі Берік Ерқұмарұлы Нурханов, «Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Зарина Қаппасқызы Омарбаева.

Мемлекеттік мекемелердегі «халыққа мемлекеттік қызмет көрсету» сияқты жұмыс бағытын Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет Агенттігі Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының ұсынымы бойынша қоғамдық кеңестер кезең-кезеңімен қарайды және алдағы уақытта бұл жұмыс жалғастырылатын болады.

Күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша «Қаһарман жастар орталығы» КММ басшысы Л. Ж. Имангазиноваға ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері ретінде ауданда, әсіресе ауылдық округтерде «Qamqor» бағыты бойынша волонтерлер өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға, қарт адамдарға, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға, ауыл тұрғындарына көмек көрсету бойынша жалпы қызметті жандандыру ұсынылды. Волонтерлік қызмет нәтижелері туралы материалдарды БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялау. Осы мәселені қарауға ағымдағы жылдың 4-тоқсанында оралу туралы шешім қабылданды.

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен қоныс аударушылармен жұмыс туралы мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелерін ауданның қанша округінде қоныс аударушылар тұрады, қоныс аударушылардың елден кету преценттері бар ма,  көшуге, тұрғын үй жалдауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстарды өтеуге қаражат, ақшалай төлемдер,  азаматтарды ерікті түрде көшіру бағдарламасы бойынша көзделген басқа да шығыстар қайтарыла ма деген сұрақтар қызықтырды. Айдолда Радат қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берді.

Осы мәселе бойынша ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері «Павлодар облысының еңбек мобильділігі орталығы»  КММ Шарбақты ауданының Мансап орталығының филиалына қоныс аударушылардың жаңа тұрғылықты жерінде абаттандыру мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерімен белсенді өзара іс-қимыл жасауды ұсынды. Шарбақты ауданына қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау бойынша қызметтер көрсету мәселелері бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын.

Мемлекеттік мекемелердің халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету және электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі қызметіне келетін болсақ, барлық басшылар мемлекеттік қызметтер уақтылы көрсетілетіні, мерзімі өткен қызметтер жоқ екендігі туралы баяндады. Барлығында көрнекі ақпараты бар стендтер ресімделді, онда көрсетілетін қызметтердің тізбелері, қызмет көрсету қағидалары, өтініштердің үлгілері орналастырылған. Электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмыстар жандандырылды.

Осы мәселені орындау бойынша ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері осы мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметтердің негізгі бөлігін электронды форматта аударуға бағыт алуды ұсынды.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын» олардың көмегімен әрбір азамат «Е-gov» электрондық үкімет» веб-порталы арқылы кез келген электрондық мемлекеттік қызметті ала алатындай белсенді пайдалану.

Жалпы, отырыстың барлық мәселелері ауданның қоғамдық кеңесі мүшелерінің үлкен қызығушылығымен және белсенділігімен қаралды.

Ауданның қоғамдық кеңесінің хатшысы                   К.Кокина.

Дата публикации
20 мая 2025
Дата обновления
20 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы