Логотип

Меню

Страницы

Статья

Вакцина жасату - полиомиелиттен сақтанудың сенімді жолы

ПОЛИОМИЕЛИТ жіті жұқпалы ауру, орталық жүйке жүйесін, алдымен жұлынды зақымдап, адам сал ауруына шалдығады. Полиомелит ауруы барлық  бұлшық еттерді зақымдайды, бірақ көбінесе адам аяқтары шалдығады.         

  • Тыныс алу жолдары қызметінің бұзылғандығынан полиомелит індетінен 5-25% науқас қайтыс болады.
  • Омыртқа мен аяқ-қолдарының сал болып ауруы өмір бойы мүгедектікке әкеп соқтырады.
  • Полиомиелит ауыр вирустық аурулар қатарына жатады. Көбінесе оған балалар және полиомиелит екпесін алмағандар шалдығады.
  • XX ғасырдың  ортасында  Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде аурудың өршуі ұлттық апат ретінде  сипатталады.
  • Полиомиелитті ескертетін вакциналарды енгізу,  аурудың тез төмендеуіне, ал көптеген аймақтарда – оның толығымен жойылып кетуіне жол ашты.
  • 1961 жылы аурушаңдық 000  жағдайдан 4.000 жағдайға дейін кеміді, ал 1962 жылдан бастап жылына 100 – 150 аз жағдайлар тіркелген.
  • 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тиімді вакцинаның көмегімен әлемдегі полиомиелитті жою бағдарламасын қабылдады.
  • 2002 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі 51 елдің ішінде Қазақстанды полиомиелиттен  сау аймақ деп жариялаған. Бұл, әрине балаларға полиомиелит екпесін жасау нәтижесінде қол жеткізілді. Бірақ 2 елде ( Нигерия, Пәкістан) бүгінгі күнге дейін осы жұқпа тіркеліп келеді. Демек, полиомиелиттің біздің елге келу қаупі сейілмей отыр. Сондықтан да біз балаларымызға екпе жасатып отыруымыз керек. Полиомиелитті емдеудің өзгеше түрі жоқ.
  • Тұрғындар арасында полиомиелитті жұқтырмаудың тиімді және қауіпсіз түрі өз уақытында полиомиелитке қарсы вакцинация жасату (төзімділік) болып табылады.
  • Біздің елімізде екпе жүргізу мерзімдері ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүектегі № 612 қаулысымен бекітілген. Алғашқы үш екпе вакцинация жүргізу күнтізбесі бойынша 2 айлық балаларға, сосын 3 айлық және 4 айлық балаларға жүргізеді. Ревакцинация (қайта егу) балаларға 12 айында  (1 жаста) және 18 айда (1,5 жаста) жүргізіледі.     
  • Вакцинаның 2 түрі қолданылады: тамшы түріндегі (ауызға 2 тамшы тамызады) және инъекция түріндегі вакцина.
  • Вакциналар ДДСҰ-мен сертификатталған, тиімді және қауіпсіз.

    «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау»

     

       Еуропалық Иммундау жүргізу аптасы

    Қазақстан,   Павлодар қаласы

    2025 жыл

Дата публикации
28 апреля 2025
Дата обновления
28 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы