
Қазіргі уақытта пневмококк жұқпасы балалар арасында жұқпалы аурулардың тіркелуінің негізгі себепшісі болып табылады. Пневмококк жұқпасы – пневмококктан туындайтын жұқпалы ауру. Пневмококк өкпе қабынуын, сепсисті (қанның жұқтырылуы), менингитті (ми қабығының қабынуы), отитті (құлақтың қабынуы) тудыруы мүмкін.
Пневмококктан туындаған аурулардың дамуының жоғары тәуекелі 2 жастан төмен балаларда, жетілмеген балаларда, жуырда жұқпалы аурумен ауырып шыққан балаларда, созылмалы аурумен ауыратын балаларда, иммундық жүйесі бұзылған балаларды белгіленеді.
Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін иммундау жүргізіледі. Балаларға арналған пневмококк жұқпасына қарсы вакцина 50 артық елде жүргізіледі (АҚШ, Бельгия, Англия, Франция, Германия және басқа дамыған елдер). Пневмококк екпесі қауіпсіз, тиімді. Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина – өзгеше белсендендірілген, бұлшіқ етке енгізіледі.
Пневмококк вакциналары сепсис, бактериялар, менингит, екпенің құрамына енген пневмококк серотиптерінен туындайтын өкпе қабынуынан және жіті орташа отиттен қорғанысты қамтамасыз етеді.
Екпені жүргізу мерзімдері Қазақстан Республикасының ұлттық екпе күнтізбесінде бекітілген – баланың 2, 4, 12-15 айларында.
Пневмококк жұқпасына қарсы егуге қарсы көрсетілімдер белгіленді:
-пневмакокк екпесін енгізер алдындағы сезгіштіктің артуы;
-жіті жұқпалы және жұқпалы емес аурулар, асқыну кезіндегі созылмалы аурулар (вакцина сауықтырылудан кейін немесе ремиссия кезеңінде жүргізіледі).
Екпені енгізер бұрын дәрігер немесе фельдшер егілетін тұлғаны тексеріп шығуға міндетті және егілетін тұлғаның медициналық құжатына алдын алу екпесін жүргізуге рұқсатты ресімдейді.
Пневмококк вакцинасы туберкулезге қарсы екпеден (БЦЖ) басқа, ұлттық екпе күнтізбесіндегі басқа вакциналармен бір уақытта енгізілуі мүмкін.
«Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау»
Еуропалық иммундау аптасы
Қазақстан, Павлодар каласы
2025ж