Логотип

Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ, ҚЫЗАМЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ»

Қызылша және қызамық – бір-біріне ұқсас жұқпалы аурулар. Вирустар қоздырғыштары болып табылады. Ауа-тамшы жолымен таралады. Клиникалық ерекшелігі – бөртпе.

Қызылша. Қызылша вирусы қанға түсіп, тыныс алу жолдары арқылы ағзаға түсіп, көбейеді және қанға енеді. Қанмен ағзаның түрлі мүшелеріне таралып, миндалиндерді, бауырды, өкпені, сүйек миын зақымдайды.

Қызылшаның белгілері. Қызылша жіті респираторлық аурулардың белгілеріне ұқсас симптомдардан басталады (дене қызуының көтерілуі, жөтел, суық тию, жас ағу). Бұндай жағдай 2-3 күнге сақталады, кейін ашық қызыл тұтасқан бөртпе пайда болады, алдымен бетте, құлақтың арттарында, одан соң бүкіл денеге таралады. Қызылшамен ауыратын сырқат қоршаған адамдар үшін алғашқы 4 күнде және бөртпе пайда болғаннан кейінгі 4 күнде аса жұқпалы болады.

Қызылша немен қауіпті? Қызылша орта құлақтың, өкпенің, трахеялардың, бронхтардың, сондай-ақ ми қабығының қабынуларымен қауіпті. Кез келген асқынудан науқас көз жұмуы мүмкін.

Қызылша қалай емделеді?  Қызылша да жататын барлық вирустық жұқпалардың емделуі қиынға соғады. Қызылшаны емдеуге арналған арнайы препарат жоқ. Антибиотиктер тек қызылшаның қабынуын емдеу үшін тағайындалады.

Қызылшадан қалай қорғалуға болады? 60-шы жылдардан бері 1 –ден 6-ға  дейінгі жаста жүргізілетін осы ауру түріне қарсы екпені алғанда ғана қызылшадан қорғалуға болады. Қызылшаға қарсы екпені шығарғанда медицина ғылымы үлкен жеңіске жетті. Қызылшаға қарсы екпені 1 жаста және 6 жаста жасайды.

Екпеден бас тартқан жағдайда, Сіз ауыр және асқынумен өтетін, тіпті өлімге душар ететін ауруды таңдайтыныңызды есте сақтаңыз!

Қызамықтың қызылшадан айырмашылығы неде? Қызамық жіті респираторлық ауруға тән шағын белгілерімен өтеді, 30-50% клиникалық белгілерінсіз өтеді. Бөртпе алдымен бет терісінде пайда болады, кейін бүкіл денеге тарайды. Қызамық кезіндегі бөртпе ашық түсті болмайды, және тұтасқан болмайды. Кейде бөртпенің айналасы жай ғана қыши бастайды.  Қызамықпен ауыратын сырқат қоршаған адамдар үшін алғашқы 7 күнде және бөртпе пайда болғаннан кейінгі 7 күнде аса жұқпалы болады. Желкедегі лимфа түйіндерінің ісінуі ерекшелік тудырады.

Қызамық немен және кім үшін қауіпті? Қызамық жүкті әйелдер үшін қауіпті. Жүкті әйелдің қызамықпен жұқтырылуы кезінде ұрықта көптеген туа біткен кемшіліктерді дамытатын және жүкті әйелдерде түсік, баланың өлі тууы сияқты асқынуларға әкеліп соғатын вирус анадан плацента арқылы ұрыққа өтеді. Балада көру, есту қабілеттерінің, жүректің, бауырдың, сүйектің жатыр ішіндегі зақымдалуы байқалады. Соның салдарынан бала соқыр, мылқау, жүрек ақауларымен, ақыл-есі нашар болып туады.

Қызамық қалай емделеді? Вирустық жұқпа ретінде қызамықты емдеуге арналған препарат жоқ. Бөртпе кезеңінде төсекте жатқан жөн. Сырқаттың толық тамақтануын, судың көп ішуін қамтмасыз ету қажет.

Қызамықтан қалай қорғалуға болады? Бір ғана қорғану жолы – ол, екпе. Қызамыққа қарсы екпе Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілді. Екпе 1, 6 жастағы балаларға жасалады.

Қызылша мен қызамыққа қарсы бұрын егілмеген  30 жасқа дейінгі тұлғаларға, толық егілмеген, растайтын құжаттарсыз егілуге болады.

 

Құрметті ата-аналар!  Қызылша мен қызамықтың қаншалықты қауіпті екенін, олардың алдын алуға болатынын түсінеді деп үміттенеміз. Сіздің балаңыздың денсаулығы Сіздің қолыңызда. Балаңызға уақытылы екпе алуға және еліміздің

дені сау азаматы болып өсуіне көмектесіңіз.

Қазақстан,   Павлодар қаласы                      2025 жыл

 Еуропалық Иммундау жүргізу аптасы

Дата публикации
28 апреля 2025
Дата обновления
28 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы