Логотип

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

1.Сәлематсыз ба! Биыл 2 тамызда анам 59 жасқа толды, зейнетке шығуға ол қашан дайындалуы керекжәнебіз алдымен қай жерге өтініш береміз?

 

 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесБЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар, зейнет жасына жеткен кезде  Қордан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы, соның ішінде әйелдер төмендегідей жасқа толғанда:

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 58,5 жас;

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап– 59 жас;

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59,5 жас;

2021 жылдың1 қаңтарынан бастап - 60 жас;

2022 жылдың1 қаңтарынан бастап - 60,5 жас;

2023 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 61 жас;

2024 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 61,5 жас;

2025 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 62 жас;

2026 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 62,5 жас;

2027 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 63 жас.

Биылғы жылдың 2 тамызында Сіздің анаңыздың 59 жасқа енді ғана толғанын ескере отырып, зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерінің, соның ішінде БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді алу құқығы ол кісіге тек 2021 жылы  60 жасқа толғанда ғана берілетінін хабарлаймыз.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (1998 жылдың 1қаңтарына дейінгі еңбек өтілі үшін),мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттар жинағымен «Азаматтарға арналған Үкімет» (ХҚКО) Мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне хабарласу керек.

Бюджет қаржысы және зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес өтініште көрсетілген банк шотына бір күнде аударылады.

Дата публикации
02 сентября 2020
Дата обновления
02 сентября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы