
Төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт шығуын болдырмауы үшын тұрғын үй иелері газ құралдырымен қолдану кезінде төменде көрсетілген талаптарын сақтауы міндетті:
- газ құралдырының дұрыс жұмыс істеуін және желдеткіш құралдарының қалыпты жұмысын қадағалау;
- газды қолданудың соңында газ құралдарының крандарын бекітіп, газ баллонмен қолданған жағдайда қосымша баллондағы клапанды жабыңыз;
- газ құралдарының ақаулықтары болған жағдайда газ шаруашылығының қызметкерлеріне хабарласыңыз;
- жертөлеге кірген кезде жарық жақпас бұрын газдың иісі болмауына көз жеткізіңіз;
- газбен жабдықтау кенеттен тоқтаған кезде газ апараттарының жұмысын дереу тоқтатыңыз;
- газ құралдары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін газ шаруашылығының қызметкерлері өздерінің қызметтік куәліктерін ұсынғаннан кейін рұқсат етіңіз.
Есіңізде болсын бір ұшқын үйде жинақталған газдың жануы үшін жеткілікті, бұл сөзсіз жарылысқа содан кейін өртке әкеп соғады. Бөлмеде газдың иісі болмауын мұқият тексеріңіз, газдың иісі болған жағдайда тереземен есіктерді ашып желдетіңіз. Осыдан кейін бөлмеден шығып газдың иісі түгел шықпағанша кірмеңіз.
Шарбақты ауданының ТЖБ