Логотип

Меню

Страницы

Статья

Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу

Біздің еліміздегі баршаның сүйікті мерекесі – Наурыз мейрамы жақындап келеді, ол түрлі тағамдардың – наурыз-көже, бауырсақ, ет, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын өнімдердің молдығымен ерекшеленеді. Мерекеге дайындық кезінде адамдар дастарханға азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тамақ әкеледі, қалалар мен елді мекендерде жәрмеңкелер ашылады.

Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан улануды және жұқпалы ауруларды болдырмау үшін бірқатар ұсынымдарды сақтау қажет.

Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:

- қатысушылардың жоспарланған санымен учаскелер бойынша бөлу арқылы іс-шаралар кестесін жасау;

- адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін елді мекеннің бүкіл аумағы бойынша алаңдарды барынша тарату;

- тамақ өнімдерін дайындау және сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;

- үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;

- сатушылар арнайы киімде болуы керек, жеке гигиенаны сақтай отырып, бір реттік ыдыста өнімді сату;

-қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастыру және оларды уақтылы шығару.

Жұртшылыққа:

- қауіпсіз тағамдарды таңдаңыз. Ата-аналар тағамның балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуіне ерекше мән беруі керек;

- дененің гипотермиясына жол бермеңіз, орталық және солтүстік аймақтардағы ауа-райы әлі тұрақты емес;

- әсіресе балалардың жарақат алмауы үшін алтыбақан тебетін орындарда, спорттық жарыстарда көпшіліктен аулақ болуға тырысыңыз.

Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептер, балабақшалар):

- ата-аналар қауымы мен білім беру объектілерінің әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі, сақтау шарттары мен мерзімдері сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкеп соғуы мүмкін үйде дайындалған өнімдерді пайдалануға тыйым салуы қажет.

 

Келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Барлық жақсылықты тілейміз. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз.

Дата публикации
18 марта 2025
Дата обновления
18 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
27 октября 2026
Ұқыпсыздықтың өтеуі: баспананы көміртек тотығынан қалай қорғау керек?
27 октября 2026
Шарбақты ауданы ТЖб
19 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы