Логотип

Меню

Страницы

Статья

Мониторинг тобының жұмысы туралы

Шарбақты ауданында 2020-2021 жылдары мектептің жаңа оқу жылына дайындығы (оқушылар саны 100-ге дейін) және коронавирустық инфекциясының (COVID-19) таралуы жағдайында мектептің жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша  аудандық білім беру, аудан әкімдігі және санитариялық қызмет өкілдерінің қатысуымен мониторингтік топтың шығуы жүргізілді. Мектепте  оқытудың  штаттық режимін ұйымдастыру кезінде түсіндіру жұмыстары өткізілді. Оқытудың штаттық режимін ұйымдастыру кезінде мынадай эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру қажет:                                                                                                                                                                                                                                                                

- басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;

- әлеуметтік алыстату және физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдар мен ауыстыру санын көбейту;

-  кабинеттік жүйені алып тастау әр бір сынып бекітілген кабинетте болу керек;

- әр сыныптар үшін әр түрлі уақытта сабақтар арасындағы үзілістерді  ұйымдастыру;

- күнсайын медицина қызметкерлері немесе жауапты тұлғалар оқушылар мен педагогтердің дене қызуын кіреберіс жерде, контактісіз термометрлермен өлшеуді жүргізу;

- оқу үстелдерін бір-бірінен 1 метр қашықтықта орналастыру;

- кабинеттерді желдету мен кварцтауды сабақтардан кейін ұйымдастыру;

 - қолды жуу кезінде арнайы құралдарды қолдану;

- әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелерін ылғалды жинауды ұйымдастыру;

-  дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ауысымдар, мен ауыстырулар арасында ылғалды жинауды ұйымдастыру;

-  барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады, кіреберісте дезинфекциялау кілемшелері орнатылады;  

- таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;

- мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімдер отыратын бөлмеге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады, барлық жедел кеңестер қашықтықта өткізіледі;

- ауырған адамдар анықталған жағдайда, бүкіл сыныпта карантин және қашықтықтан оқытуға көшу жарияланады, және медициналық қызметкерлер сыныптағы балалардың жағдайын үнемі қадағалап отырады, кейінен сыныпты штаттық режимге қайтарады;

- мектеп жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен және санитайзерлермен, байланыссыз термометрлермен қамтамасыз етеді.

 

                Басқарма басшысы  Қойбағарова Г.Б.

Дата публикации
27 августа 2020
Дата обновления
27 августа 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы